Үргенішбаевa Айнұр Бақытжанқызы
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең елді мекені №82 коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2015 жылы «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты ІІІ Республикалық мұғалімдер сайысында ІІІ орынды иеленді. Nio Республикалық ұлттық интернет олимпиадасына жеңімпаз оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы «География» пәнінен Республикалық ұлттық интернет олимпиаданың І дәрежелі жеңімпазы. 2019 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын иеленді. 2019-2020 оқу жылында Облыстық «Ғылым көкжиегі:2019» Республикалық ғылыми жобалар байқауында «Арал өңірінде балық кластерін дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысына алғыс жарияланды. «Дарын» Республикалық сайты ұйымдастырған «Педстарт» қашықтық олимпиадасының «География» пәнінен ІІІ орын иегері. Сондай-ақ, ІІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының ІІ орын жеңімпазы. Martebe білім порталында ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Жас маман» байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен және «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталды. Qaztest қазақ тілді интернет олимпиада сайты ұйымдастырған І Республикалық педагогикалық олимпиадасында ІІІ орын алып, Республикалық педагогикалық олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамотасын иеленді.