Мағзам Күлиман

3372 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылы Мықтыкөл негізгі мектебі ММ

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері. Qaztert сайты мен Абай атындағы ҚАЗ ҰПУ бірлесе ұйымдастырған I Республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасында «Математика» пәні бойынша III дәрежелі диплом алды. «Үздік педагог-2020» Республикалық байқауы бойынша «Педагогика саласының үздігі» медалі тағылып, диплом алды. «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналы «Абай-175» тақырыбында дарынды балаларды анықтауға және «Uly dala ustazy» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом, сертифика пен Құрмет грамотасы берілді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырытын Республикалық институтынан сертификат алды. 2018 жылы 18 мамыр - Ақмола облысы білім басқармасының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан Құрмет грамотасы мен Ақмола облысының білім басқармасының Алғыс хатын алды. «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемілік тақырыбында жүйелі жұмыс жүргізеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша біртұтас адамгершілік-рухани кеңістік құру Халықаралық ғылыми–практикалық конференциясында «Тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы өзін-өзі тану пәні мұғалімнің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Оқу-әдістемелік Кеңесінде және Жас маман мектебі отырыстарында бірнеше рет баяндама жасады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20-жылдығына арналған «Білім берудегі педагогикалық инновацияларының жаңа белестері» Халықаралық форумында конференциясына «Жалпыадамзаттық құндылықтар» деп аталатын жұмысымен шебер сынып өткізді. «2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру аясында курстық даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-кеңеске қатысқаны үшін сертификат берілді.