Халдарова Гулмира Еркиновна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 275 орта мектеп
2015 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын, 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ «Сындарлы оқыту теориясының аспектілерін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыруда пайдалану: нәтижелер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда жасаған үздік баяндамасы үшін Алғыс хаты, құрмет грамотасы берілді. 2018 жылы Тәуелсіз мемлекетіміздің мұрат-мүддесі жолында қажырлы еңбек етіп, ерекше үлес қосқаны үшін ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің Алғыс хаты табысталды. 2019 жылы Республикалық «BILGEN BAIGE» олимпиадасы орталығынан Білім беру саласын дамыту мен жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шындау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін құрмет грамотасы берілді. 2020 жылы азақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік педагог» төсбелгісі, BILGEN халықаралық ақыл ойды дамыту орталығының келешектің даңғыл жолына білімді ұрпақты тәрбиелегеніңіз үшін Алғыс хаты, Қазақстан Республикасы «Іzdenis» Республикалық оқытушылар мен оқушылар порталының Алғыс хаты табысталды.