Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы
№130 Абай орта мектебі КММ
2016 жылы Халықаралық ұстаздар одағына мүше болып, арнайы төсбелгімен марапатталды. «200 жылдық тарихы бар Сыр өңірі педагогикасындағы қадірлі 200 есім» антологиясына енді. «Сырдария ауданының 90 жылы» медалі берілді. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы тағайындалды. 2018 жылы «Ұлағатты ұстаз» медалімен және Құрмет грамотасымен мадақталды. Аудандық «Үздік кабинет-2018» байқауының І орын иегері. «Педстарт» Репсубликалық сайысында 3-орын алды. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігінің Құрмет грамотасын иеленді. «Дарын» Республикалық қашықтық олимпиадасының II дәрежелі; Халықаралық ұстаздар олимпиадасының I дәрежелі жеңімпазы. «Іс-әрекетегі зерттеу: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» атты Облыстық, «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: жаңа көзқарас,жаңа талаптар», «Химия және биология пәндерінде инновациялық технологиялар мен жаңаша бағалауды қолдану мәселелері» атты Республикалық әдістемелік құралы шықты. «Химиялық білім берудің өзекті мәселелері» және «Химия-биология пәндері бойынша дидактикалық материалдар жинағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасап, мақаласы осы еңбектер жинағына енді.