Хамза Руслан Пангерейұлы
Жетістіктері
Атырау қаласы
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі Ұлттық орталығы, Атқарушы директор, педагог, журналист, заңгер
2016 жылы «Атырау» газетініне «Рәмізге құрмет – қастерлі міндет» материалы жарияланды. 2016 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын иеленді. 2017-2020 жылдар аралығында оқу жылында әр облыстың жалпы орта білім беру мен мектепкей дейінгі ұйымдары және кәсіптік орта білім беру ұйымдар арасында «ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандарттарға сай қолдану бағытындағы жұмыстар» тақырыбында авторлық әдістемелік семинарлар өткізіліп, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері басшылары атынан Алғыс хатына ие болды. 2017 жылы «QAZAQ» газетіне «Мемлекеттік рәміздер тарихы» ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 25 жылдығына арналған ғылыми материалы жарыққа шықты. 2018 жылы Астана қаласы Білім басқармасы мен Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектептің әкімшілігі ҚР Мемлекеттік рәміздерге арналған әдістемелік семинарды өткізіп берген үшін Алғыс хатын иеленді. 2018 жылы «Атырау» газетінің «Туымыз төмен түспесін» материалы жарыққа шықты. 2018 жылы Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының ұйымдастыруымен «БАҚ туралы заңнама және журналистік қызмет» семинарынан сәтті сабақ алып шыққаны үшін Сертификат табысталды. 2019 жылы «Work and life» тренинг орталығының «Ораторлық өнер және Риторика» Ресей Университетінің бағдарламасымен «Сөз сөйлеу шеберлігі» атты бір айлық курсты аяқтағаны үшін Сертификат, Сағын Елдосұлының еміне «Үміт отын сыйлашы» атты қайырымдылық өткізуге қолдау көрсетілгені үшін Алғыс хат иегері атанды. 2019 жылы «ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандарттарға сай қолдану бағытындағы жұмыстар» тақырыбында ҚР Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша әдістемелік жинағының Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді №2423 куәлікпен енгізілген.