Туякбаева Гульзада Орынбасаровна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебі
Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған байқаудың ІІІ дәрежелі диплом иегері. 2019 жылы қалалық білім бөлімі Құрмет грамотасын тағайындады. Облыстық мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиадаға шәкірттері қатысып, 2-орын иеленді. «Қазақстан ұстаздары» бірлестігі ұйымдастырған «Информатика» пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиаданың І орын жүлдегері. «Үздік педагог портфолиосы» Республикалық сырттай байқауында ІІІ орын диплом алды. Қашықтық Тio.kz, Nio.kz қашықтық олимапиадасының жүлдегерін дайындағаны үшін марапат берілді. «Креативті мұғалім-заман талабы» атты Республикалық мұғалімдердің тәжірибелік қашықтық конференциясының қатысушысы.«Информатика» пәні бойынша мұғалімдер арасында өткізілген олимпиаданың І дәрежелі диплом иегері. «Табысты сабақ және құзырлы мұғалім» тақырыбындағы жұмысы әдістемелік жинаққа енгізілді. «Тәжірибемен ұштасқан білім» атты дидактикалық құралы шықты. Балаларға сүйіспеншілікпен қарайтын, еңбегі шығармашылыққа толы ұстаз. Ұстаз өзінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында шәкірттеріне өмірлік тәлім-тәрбие беріп, баланы еңбекке, имандылыққа, білімпаздыққа тәрбиелеу жолында еңбек етіп жатыр.