Төлентаева Әлия Төлентайқызы
Жетістіктері
Төлентаева Әлия Төлентайқызы
Алматы қаласы
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы
«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде және «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ оқыту курсын аяқтады. Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» және «Үздік педагог» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мультимедиялық үштік (тақта,ноутбук,проектор) көмегімен «Bilim Land ресурстарын тиімді қолдану арқылы оқытуды цифрландыру» курсынан өтті. «Pedagog akademiiasy» қоғамдық бірлестігінің 8 сағат көлеміндегі «Formativti bagalay» атты квест-семинарына қатысты. «Qazaq bilimi» Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» Республикалық байқауының «Үздік баяндама» номинациясы бойынша І дәрежелі жеңімпазы. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сынып» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 1-орын алды. «Шығармашыл ұстаз» атты Республикалық ұстаздар сайысында және «Үздік сабақ жоспары» байқауына қатысып, І орын иеленді. «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Қазақстандық ұстаздар мен шәкірттер арасында өткен «Білікті ұстаз қырағы-тәуелсіздік пырағы» атты Республикалық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталды. «А дыбысы»,
«Баланың басты ұстазы ата-ана » тақырыбындағы шығармашылық жұмысы edulife.kz сайтына жарияланды. «Qstudy» Халықаралық білім порталының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық «Тіл жанашыры-ұлт мақтанышы» атты білім саласы қызметкерлері арасында өткен ұлттың ұлы ұстазы А.Байтұрсыновтың 146 жылдығына арналған конференция байқауында белсенділік танытып, жұмыстары үздік деп танылып, 1-орын берілді. Абай дана-Абай дара қазақта!» атты педагогтар арасында өткен Республикалық байқауына «Үздік баяндама» номинациясы бойынша қатысып, ІІ орын иеленді. «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.