Тлеубердиева Газиза Сабидулаевна

3431 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Тлеубердиева Газиза Сабидулаевна
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ
2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Қарым – қатынастық агрессивтіліктің интегралды формасын анықтау тесті бойынша жұмыстар» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаным үшін мақтау грамотасымен марапатталды. 2015 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы – заман талабы» атты басылымына «Дивиантты мінез-құлықтың алдын алуда қоғамның, мектептің және отбасының ролі» атты мақаласы жарияланды.
2015 – 2016 оқу жылында Ғылыми шығармашылық ізденістері мен жетістіктері арқылы жалпы білім беретін мектептердегі психологиялық қызметтің жұмысынжетілдіруге үлесін қосқаны және өз шеберлігін, біліктілігін танытқаным үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің мадақтамасын иеленді. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау, олардың ғылыми – әдістемелік қызметін ынталандыру, кәсіби педагогикалық қызметіндегі іс – тәжірибелерін насихаттау мақсатында өткізілген «Білім алушының кәсіби бағдарлануын дамыту және түлектердің білім алу, кәсіби өсу траекториясын жоспарлау жолдары» тақырыбында өткізілген аудандық семинарға қатысқаным үшін Сайрам аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетімен» ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларында ІІІ дәрежелі дипломы иегері. 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Психология» пәнінен Республикалық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі диплом алды. 2018 жылы «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өткен Республикалық қашықтық олимпиадада ІІ орын грамотасымен марапатталды.