Тильмагамбетова Рита Еркингалиевна
Жетістіктері
Тильмагамбетова Рита Еркингалиевна
Ақтөбе қаласы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
2015 жылы «Ақтөбе ғалымы» Анықтамалық энциклопедиялық жинаққа енген. 2017 жылы Психология мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттерді зияткерлік жарысқа дайындау мен белсенді қатысқаны үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті деканынан Алғыс хат иеленді. 2017 жылы шыққан «Заң психологиясы» пәнінен дәрістер жинағының авторы. 2018 жылы Студенттер мен оқушылар арасында ұйымдастырылған «Психология» пәні бойынша пәндік олимпиадада жобаларға ғылыми жетекшілік жасағаны үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, педагогика факультетінің деканы атынан алғыс хат иеленді. 2018 жылы 11 сынып оқушылары арасында «Жасөсіпірімдердің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы семинар-тренинг ұйымдастыруға белсенділік танытқаны үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, педагогика факультетінің деканы атынан сертификат алды. 2018 жылы «Жас ғалым-2018» студенттердің ғылыми зерттеу апталығында белсенділік танытқаны үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректордан алғыс хат иеленді. 2018 жылы «Жас психолог-2017» облыстық байқауын өткізуде ынтымақтастық танытқаны және белсенді көмек бергені үшін Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының алғыс хатымен мадақталды. 2019 жылы Студенттер мен оқушылар арасында «Психология» пәні бойынша пәндік олимпада шарасын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректорынан алғыс хатымен марапатталды. 2019 жылы Өңірдегі жастар саясатына қосқан үлесі үшін Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы ҚММ басшысынан Алғыс хатымен мадақталды. 2020 жылы «Білім алушыларға психолого-педагогикалық қолдау жүйесіндегі педагог- психологтың қызметі» атты облыстық семинар-практикумында өз іс- тәжірибесімен бөліскені үшін Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығынан алғыс хатымен марапатталды.