Шайманова Ақзада Жүгінісқызы

3435 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі
"Құлыншақ" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
2016 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан сертификат иеленді. 2018 жылы «Балалар мен жасөспірімдер психологиясы» атты біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. 2018 жылы Республикалық «Мектеп ұстаздарының әлемі» педагогикалық журналының сайтында бірнеше материал жарияланып, құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы РББО «Эврика» «Менің сүйікті кейіпкерім» атты Республикалық көркемсурет байқауынан тәрбиеленушілері Е.Б.Нұрлан, А.Б.Ұзан, А.С.Шамзиза, А.Ғ.Ануарбек ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі ретінде құрмет грамотасына иеленді. 2019 жылы Martebe.kz білім порталы мен Qaztest.kz олимпиада сайты тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІV Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» олимпиадасының 2 кезеңінің жиынтық ұпайы бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп дипломмен және «Үздік тәрбиеші» төсбелгісіне ие болды. 2020 жылы Qaztest.kz олимпиада сайтында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасында ең жоғары ұпай жинап, кәсіби білікті маман екендігін көрсетіп 10000 тг степендия иеленді және І дәрежелі дипломмен және құрмет грамотасымен марапатталды.