Ташибаева Лайла Шарипбековна
Жетістіктері
Ташибаева Лайла Шарипбековна
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жолдасбай Ералиев а/о, Арай ауылы
«№51 «Дәуір» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ұйымында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Pisa Халықаралық зерттеуін жүргізу аясын оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын бітіріп шықты. 2016 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қ. филиалында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2017 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қ. филиалында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастығы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтады. 2018 жылы «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік сыныптан тыс іс-шара» байқауына «Қазақы салт, жіберме қалт» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жариялап, ІІ орын дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Алтын ұрпақ» білім беру орталығы Республикалық «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» атты шығармашылық байқауына жеңімпаздарды дайындаудағы белсенді еңбегім үшін Алғыс алды. 2018 жылы Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтар арасында өткен «Педагогтың үздік портфолиосы» интернет-байқауында ІІІ орынмен марапатталды.