Тағаева Гүлсім Жақсыбайқызы
Жетістіктері
Тағаева Гүлсім Жақсыбайқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Қалыбай негізгі орта мектебі
2016 жылы мұғалімдерге арналған Халықаралық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегері.
2017 жылы Ақтөбе облысының Білім басқармасының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы «Ustudy» Ақтөбе аймақтық тестілеу орталығымен бірлесе өткізілген Педагогикалық олимпиада ІІІ дәрежелі диплом иеленді. 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы ,«Жыл басы –Наурыз» атты онлайн байқауына шәкіртіңіздің шығармашылық биіктен көрінуіне елеулі үлес қосқаныңыз үшін. «Нұр-Дала» шығармашылық орталығы Алғыс хат берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Президент күніне арналған «Бір халық- бір мүдде!» Республикалық интернет-байқауына талантты балаларды анықтау мен қолдау көрсетуге қосқан үлесіңі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, Республикалықұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігі үшін Ұстаз тілегі Құрмет грамотасын иемденді.
2017 жылы edu life.kz ұстаздарға арналған әдістемелік сайтының дамуына ат салысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы «IQ»-интелекті дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың қаңтар айында өткен Республикалық білімділер байқауына оқушы қатыстырып, баланың шығармашылық шабытын аша білгені үшін Алғыс білдірді. 2019 жылы Ақтөбе қаласы «Нұр-Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Исмағамбетованың Алғыс хат алды. 2019 жылы «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» Республикалық ағарту жобасы «Тұлпарды мініп, ту алған!» байқауында Ақтөбе Облысы Ырғыз ауданы бойынша ІІ орын иегері. 2019 «Қазақ тілі» пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының жылы ІІ дәрежелі жүлдегері. 2019 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық байқауда «Ақындық өнер» жанры бойынша жеңімпаз болған жас дарынды шығармашылыққа баулып, жетекшілік еткені үшін Құрмет грамотасын иеленді.
2020 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды –олимпиадалық шығармашылық орталығы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша І Республикалық онлайн олимпиадасының жеңімпазы. 2020 жылы «Өрлеу» ұстаздарға арналған порталымен ұйымдастырылған «Шығармашыл ұстаз» атты Республикалық ұстаздар сайысына қашықтықтан қатысып, І орынға ие.
2020 жылы «Сөз ұлылығы» атты оқушылар мен студенттерге арналған
ІV Республикалық әдеби шығармашылық байқауына атсалысып, жоғарғы деңгейдегі жеңімпазды дайындағаны үшін, Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры Қоғамдық қор президенті А.И. Джулекеновтан Мадақтама иеленді. 2019 жылы Уақытпен санаспай бар ынта-жігеріңізбен шәкіртіңіздің бойына ізгілік нәрін егіп, олардың қабілеттерін ұштап, бар білгеніңізді үйреткеніңіз үшін «Жас Дарын» Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры Алғыс хатының иегері. 2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Жалпы білім берудің өзекті мәселелері менәдіс–тәсілдері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,білім саласының дамуына үлес қосқаны үшін диплом алды.