Сүлейменова Ұлжан Әсілханқызы

3507 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Сүлейменова Ұлжан Әсілханқызы
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылы Алпамыс бөбекжай балабақшасы

2018 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсына қатысқаны үшін сертификат алды. 2019 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы нормативтік-құқықтық бала» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқанын растайтын сертификат берілді.2019 жылы «3 жас пен 6 жасқа дейінгі балаларға арналған педагогика» тақырыбында ұйымдастырылған онлайнсеминарда 8 сағат көлемінде білім алғанын растайтын куәлік алды. 2019 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 235 академиялық сағат көлемінде курс аяқтады. 2018 жылы Отырар аудандық балабақшалар арасында өткізілген «Алтын күз» атты іс шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін, Аrt телеарнасының құрылтайшысы М.Телебековтан Алғыс хатпен мадақталды. «Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауына қатысып, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж . Мұсатаевадан ІІІ дәрежелі дипломын және «Нұр отан» партиясының Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрманнан Алғыс хатымен марапатталды. ККО веб сайтымен ұйымдастырылған «МЕктепалды даярлық» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпияласына қатысып , орталық директоры Д.Мұхаметбековтен І дәрежелі дипломмен мадақталды. Qaztest қазақ тілді олимпиада сайытында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жеңімпазы. 2020 жылы Республикалық «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты байқауға орасан зор үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен және байқауда үздік бейнеролик жариялағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.