Сураншиева Мейрамгул Кадыровна
Жетістіктері
Сураншиева Мейрамгул Кадыровна
Алматы қаласы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
2019-2020 оқу жылында университеттің студенттеріне арналған 74 ғылыми конференцияда Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері І және ІІ орындарды иеленді. Темпус-4» жобасында Орта Азия елдеріндегі педагогика және білім беру менеджменті бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту және дамыту бойынша ғылыми жобаларға қатысты. 2019 жылы «Педагог шеберлігінің негіздері» атты студенттерге арналған көмекші құрал жарық көрді. Зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетелдік басылымдарда 85 ғылыми еңбегі жарық көрді. 3 мақаласы Scopus компаниясының деректер базасына кіретін импакт факторлы журналдарда жарияланған. Студенттермен байланысы өте жақсы.