Скакова Бакыт . Эминовн
Жетістіктері
Скакова Бакыт Эминовна.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
2017 жылы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 344 академиялық сағат көлемінде курстан Сертификат алды. 2017 жылы Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Н.Фесенкодан шығармашылық жетістіктері үшін және қалалық тарихи - өлкетану мұражай сайысына қатысқаны үшін грамта берілді. 2018 жылы «Platon» Халықаралық олимпиадасынан Мадақтамасымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылы Республикалық Е.Б.Бекмаханов олимпиадасы «Қазақстан тарихы» пәнінен ұстаздарға арналған олимпиадада III орын иеленді. Ustaz tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық 10 материал жарияланды.
2019-2020 оқу жылы Республикалық Qaztest.kz сайты "Қазақстан тарихы" пəнінен олимпиадасында II дəрежелі диплом жүлдегері. Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты «Қазақстан тарихы» пәнінен қашықтық олимпиада жеңімпазы I дәрежелі диплом иегері. Qaztest. kz сайты Е.Б. Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген II Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасында II дәрежелі диплом және «Дүниежүзі тарихы» пәнінен өткен олимпиадасында III дәрежелі дипломымен марапатталды. Qaztest, Daryn online ұйымдастырған I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жеңімпазы I дәрежелі диплом, «Дарын» Республикалық «Педстарт» олимпиадасы, «Қазақстан тарихы» пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы I дәрежелі Диплом иегері. Республикалық nio.kz Ұлттық интернет олимпиада сайтынан пәндік олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткен «Ерлікке тағзым» байқауында шәкіртке жетекшілік еткені үшін «Алғыс хат» берілді. Республикалық Qaztest.kz желілік басылымына публикация жарияланды 5-сынып Қазақстан тарихы пәнінен «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» ашық сабақ жарияланы үшін Сертификат берілді.