Оспанова Гүлсім Амангелдіқызы
Жетістіктері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №2 «Балдырған» бөбектер бақшасы
2015 жылы Халықаралық Пони турнирі атынан дипломмен, облыстық «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл мерекесіне арналған «Өнерлі ұстаз» облыстық байқауынан дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Кәсіби мерекеге байланысты білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, шығармашылық белсенділігі, ынта-жәгері мен жаңашылдығы, жас ұрпақты рухани тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін» Екібастұз қаласы білім бөлімі атынан грамотасымен наградталды. 2018 жылы «Қазақстан ұстаздары» редакциясы атынан алғыс хат, халықаралық «Мультиурок» жобасы атынан Құрмет грамотасының иегері атанды. Халықаралық «Үркер» IQ орталығы атынан диплом, Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталы атынан алғыс хат тапсырылды. 2019 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайты атынан Құрмет грамотасы табысталды. «Qaztest.kz» ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасынан 2-орынды иеленді. 2020 жылы Республикалық педагогикалық «OQU-ZAMAN.KZ» журналына авторлық оқу-әдістемелік материалы жарияланды. Республикалық «Дар учителя» интернет журналы сайты атынан 1 дәрежелі диплом табыс етілді. «BILIM — TEŃIZ» Республикалық әдістемелік, педагогикалық журналында мақаласы, «Дана бала» Республикалық ғылыми - ақпараттық əдістемелік журналында мақаласы жарық көрді.