Оспанова Дина Утепбергеновна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебі
Қалалық білім бөлімінің ІІІ дәрежелі дипломымен, 2016 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы «Қазақстан ұстазы» информатика пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі диплом иегері. 2017 жылы Қазақстан ұстазы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани құндылықтарын негізге ала отырып, Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хат тапсырылды. 2017 жылы Халықаралық шығармашылық конкурс «Компьютерная графика» номинациясының жүлдегері. Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен награталды. 2019 жылы «Ғылыми ізденіс жобаларын ұйымдастырудың үздік әдіс-тәсілдер жүйесі» бағытында «Ұлағатты ұстаз» атты республикалық ұстаздар сайысының І орын иегері. Баспа бетіне «Алгоритм жазу пішімі» атты мақаласы жарияланды. «Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде тәрбие мен білім беру: ізденіс және даму перспективалары» әдістемелік оқу құралы жинағы жарық көрген. Сонымен қатар, халықаралық интернет порталында «Solncesvet.ru» интернет ресурсы «Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы», «Информатика –қоғамның ақпараттық негізі» атты мақалалары жарық көрді.