Өмірбек Мөлдір Бейсенқызы
Жетістіктері
Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектеп
2017 жылы «Белсенді әдістерді қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданудың ерекшеліктері»тақырыбында облыстық шебер сыныпқа белсенді қатысқаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан сертификат алды. 2018 жылы республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында оқушылары 80%-дан жоғары нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен наградталды. 2019 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының шешімімен «Үздік жас педагог» төсбелгісінің иегері. 2019 жылы «Platon Халықаралық білім дамыту орталығы» ұйымдастырған «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» көркем сөз байқауына шәкірт дайынғаны үшін Мадақтаманың иегері атанды. 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді олимпия сайытында сынып жетекшілерінің педагогикалық біліктілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының жүлдегері. 2020 жыл «Platon» халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған «Мұқағали Мақатаев – Поэзия тұлпары » көркем сөз байқауына шәкірт дайынғаны үшін мадақтамамен марапатталды. «Қолтаңба Star» республикалық телефестивалінде жас таланттарға қолдау көрсеткені үшін алғыс хат, 2020 жыл «Platon Халықаралық білім дамыту орталығы» ұйымдастырған «Үш бәйтерек – Үш діңгек» атты көркем сөз байқауына шәкірт дайынғаны үшін мадақтама табысталды.