Сейт Нұргүл Мырзанқызы
Жетістіктері
Сейт Нұргүл Мырзанқызы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы
Қ.Жазықов атындағы орта мектебі
2016 жылы Білімділер порталы ұйымдастырған Республикалық ұстаздарға арналған «Бастауыш сынып» номинациясы бәйгесінен Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Ұлттық интернет олимпиадасына қатысқаны үшін Алғыс хат иеленді. 2016 жылы Жас зиялыларға арналған танымдық «Мөлдір бұлақ» журналынан Алғыс хатпен құрметтелді. 2016 жылы 4-класқа арналған «Шешендік сөздер» атты таңдау курсының бағдарламасы әдістемелік құралының авторы. 2017-2018 оқу жылы Халықаралық «Пони» байқауының диплом иегері. 2017-2018 оқу жылы I Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасының III дәрежелі, «Өрлеу» БАҰО «Астана-ғылым мен білім ордасы» Облыстық педагогикалық эссе байқауы II дәрежелі, «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында облыстық интернет –сайысының I дәрежелі жүлдегері. 2018 жылы Республикалық білім порталында әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы Бастауыш сынып Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналында «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбында ғылыми мақаласы жарық көрді. 2018 жылы М.Мақатаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған II Республикалық «Қара өлеңнің құлагері» атты байқауында Алғыс хатпен мадақталды. 2018 жылы «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығынан Мадақтама иеленді. 2018 жылы I Республикалық балалар мен жасөспірімдер «Жас Талант kz» және «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы Ұлы Абай шығармашылығына арналған «Өлмейтін артында сөз қалдырған» атты Халықаралық байқауынан Мадақтама иегері.