Пірмаханова Гүлжан Бұхарбекқызы

3573 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейі

Қызылорда қаласының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен наградталды. «Үздік сындарлы сабақ» облыстық байқаудың қалалық кезеңінде ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» аталымы бойынша І дәрежелі диплом иегері атанды. «Педагог» Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2019» байқауының І дәрежелі диплом иегері. Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен дипломы табысталды. Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына қатысқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, педагогтар арасындағы «Педагогикалық шеберлік» Республикалық конкурсына қатысып, ІІ дәрежелі диплом тапсырылды.