Плескачевская Галина Викторовна
Жетістіктері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би селосы, «Алпамыс» балабақшасы
2018 жылы халықаралық «Инфоурок» олимпиадасынан жоғары кәсіби біліктілігі үшін Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Ғылыми-методикалық «Ziaт» орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық педагогикалық байқаудың «Лучший сценарий праздника в дошкольных учреждениях» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2019 жылы республикалық білім байқауында «Жаңашыл тәрбиеші» атанып, Мадақтама иеленді. Ғылыми-методикалық «Ziaт» орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық педагогикалық байқаудың «Лучший конспект занятия» номинациясының ІІІ дәрежелі диплом иегері. «Я изучаю домашних животных» атты Ресейде өткен халықаралық олимпиадаға тәрбиеленушілерін жоғары деңгейде дайындағаны үшін Диплом, 2019 жылы педагогтардың онлайн вебинарына белсене қатысқаны үшін Диплом иегері атанды. Халықаралық «Инфоурок» олимпиадасына жеңімпаздар дайындағаны үшін куәлік табысталды. 2020 жылы «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты облыстық байқаудың ІІІ орын жүлдегері. Ағымдағы жылы «Лисенок» балалар байқауына балаларды белсене қатыстырғаны үшін алғыс хат иемденді.