Сатекова Айгуль Тлешовна
Жетістіктері
Сатекова Айгуль Тлешовна
Нұр-Сұлтан қаласы
Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебі
2015 жылы «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Г.Ә.Жапарова, «Қазақ тілі» пәнінен өткен лингвистикалық олимпиадаға мектеп оқушыларының қатысуын ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев мырзадан Алғыс хат алды. 2017 жылы Қазақстанның білім және ғылым әлемі Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналы ұйымдастырған Республикалық «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы» семинар- конференциясынан Сертификат иеленді. 2017 жылы журнал кеңесшісі М.Мырзахметов, Республикалық «Астана Мақсат Қазақ ұстазы» журналы ұйымдастырған «Жаңа білім мазмұны» айдары аясында білім саласындағы өзгерістер туралы диалогтік алаңда өз іс-тәжірибеңіздегі оң өзгерістермен және құнды ақпараттармен бөліскеніңіз үшін Алғыс хат ұсынды. 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI NIS халықаралық Конференциясы аясында өткізілген «Сабақты зерттеуден мектептің өзгеруі» симпозиумында белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Алғыс хатпен марапаттады. 2019 жылы «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту әдістемесі» семинар-практикумына белсенді қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығынан Алғыс хат иеленді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасынан Алғыс хат алды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы, «Lesson Study коллаборативтік педагогикалық тәсіл ретінде» тақырыбындағы Республикалық конференциясынан Сертификат иеленді. 2019 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» кәсіподақ комитетінің Грамотасымен мадақталды. 2020 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының III дәрежелі жүлдегері. Халықаралық және Республикалық деңгейде оқушылары онлайн олимпиядаларының жүлделі орын иегерлері.