Сапиоллина Ақманар Сапиоллақызы
Жетістіктері
Сапиоллина Ақманар Сапиоллақызы
Атырау қаласы
Тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы №3 мектеп – интернаты
2015 жылы №6 бастауыш мектеп журналына «Қосу мен азайту» жұмысы жарияланды. 2016 жылы №9-10 бастауыш мектеп журналына «Жауын – шашын. Суды қорғау» және №5-6 Тілашар логопед журналына «Дамуы тежелген балаларды оқытудағы түзете – дамыту жұмыстары» тақырыбында баяндамасы жарияланды. 2016 жылы мектепішілік Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Атырау облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын алды. 2018 жылы «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбындағы Республикалық конкурсының өңірлік кезеңіндегі «Қосымша білім беру педагогтары» аталымы бойынша сайыста «С дыбысын машықтандыру» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, жүлделі III дәрежелі диплом иегері. 2018 жылы Республикалық ұстаздарға арналған kopilkaupokov порталына «Т дыбысы мен әрпі», «Қ – Ғ дыбыстарын ажырату», intoupok порталына «Барыс септік», «Жауын – шашын », «С дыбысын сөзде, сөйлемде бекіту» атты жұмыстары жарияланғандығы туралы сертификат алды. 2018 жылы №9-10 «Қазақстан орта мектебі» журналына «Барыс септік»; 2018 жылы №5 Тілашар Логопед журналына «Ертегілер еліндегі Шалқан» және 2019 жылы Республикалық білім порталына «Жұрнақ пен жалғау» тақырыбында жұмысы жарияланып, сертификат иеленді. 2019 жылы Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы Республикалық бастауыш мектеп журналының Құрмет грамотасын иеленді. 2019 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан Алғыс хатқа ие болды. 2019 жылы Мектепішілік Алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы «Тілашар. Түзету педагогикасы» Республикалық әдістемелік журналынан дипломға ие болды. 2020 жылы Атырау облыстық кәсіподақ ұйымынан Алғыс хатын алды.