Рысбекова Айгуль Рымбаевна
Жетістіктері
Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, «№36 жалпы білім беретін орта мектебі
2014 жылы ҚР Шағын ғылым академиясының Орталық-Қазақстан білім бөлімі оқу -зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша ІІ дәрежелі Диплом иегері. 2015 жылы Қарағанды қаласы білім саласының дамуына айрықша зор үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» ХДП Қарағанды қалалық филиалының мадақтамасымен марапатталған майталман маман иесі. 2015 жылы Екатеринбург қаласы – «Эрудит – марафон учащихся» конкурсын ұйымдастырғаны үшін алғыс хаттың иегері атанды. «Gaztest.кz» ұйымдастырған ІІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының жүлдегері. 2020 жылы республикалық Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығы ұйымдастырған байқауда «Жаңашыл ұстаз –2020» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылы «Өнеге» білім порталының ұйымдаструымен ұстаздар арасындағы қашықтан өткізілген республикалық байқауында «Үздік сыныптан тыс іс шара» номинациясы бойынша Бас жүлде иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, білікті маман мектепішілік қашықтықтан өткізілген ұстаздар арасындағы байқауда «Үздік сынып жетекші»номинациясының бас жүлдесін иеленді.