Садыкова Жанаргул Рахымбековна
Жетістіктері
Садыкова Жанаргул Рахымбековна
Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы: ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебі КММ
2015 жылы Республикалық «Мәртебе.kz» білім сайты ұйымдастырған «Ең үздік 20 мұғалім» сайысынан, 2016 жылы Шығыс Қазақстан Облысы әкімінің, 2017 жылы Республикалық Физика пәні бойынша ұйымдастырылған олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хат иеленді. 2016 жылы Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Шығармашылық Бірлестігінен Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы Республикалық «Өрлеу» РҒӘО «Ұлағатты ұстаз» байқауынан «Үздік физика мұғалімі» және «Өрлеу» РҒӘО байқауы «Жаңашыл мұғалім» наминациясының 1-орын жеңімпазы. 2017 жылы Республикалық «Үздік ашық сабақ» шығармашылық конкурс ІІ дәрежелі, Республикалық «Білім және Ғылым» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Үздік ғылыми жоба» Республикалық байқауының Алғыс хат иегері. 2018 жылы Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталы Республикалық қашықтық байқауы, Республикалық «ПедСтарт» «Эрудит» республикалық интеллектуалдық білім сайты, kio.kz сайты ұйымдастырған физика пәні мұғалімдерінің Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы. 2019 жылы Республикалық kio.kz КИО сайты ұйымдастырған физика пәні мұғалімдерінің Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы. 2019 жылы «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған ғылыми жоба байқауына шәкірт дайындағаны үшін диплом иегері. 2019 жылдың «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет өту жолында» атты XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға оқушы дайындағаны үшін Мадақтамамен марапатталды. 2019 жылы Республикалық Кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілген интернет байқауынан, Республикалық дарынды оқушылар порталында ұйымдастырылған шығармашылық байқауға шәкірт дайындағаным үшін Алғыс хат алды. 2019 жылы nio.kz Республикалық ҰИО сайты «Физика» пәні мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасы Сертификат иеленді. 2019 жылы intolimp.kz оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырылған Республикалық шығармашылық байқауға шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. 2020 жылы Республикалық «Физика» пәні мұғалімдерінің олимпиадасынан І Дәреже және Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ Дәрежелі жеңімпазы.