Жайымова Назымкүл Сағынайқызы
Жетістіктері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1 мектеп-гимназиясы КММ
2015 жыл Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасын алды. ҚР Bilim-orkeniety ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда «Үздік қазақ тілі пәні мұғалім – 2018» төсбелгісін алды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық кеңесі «Еңбек Үздігі» төсбелгісін және атағын берді. Республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі диплом иегері. «Триада» Республикалық білім беру орталығы ұйымдастырған ІІ Республикалық онлайн олимпиадаға оқушы даярлағаны үшін мадақталды. ККО веб-сайты ұйымдастырған қашықтық олимпиаданың І дәрежелі жеңімпазы. Daryn.onlaine білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында өткізген І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында 1-орынды жеңіп алды. А.Байтұрсынұлы атындағы ІҮ Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» олимпиадасында 2-дәрежелі сертификат алды. Халықаралық дәрежеде өткізілген Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, І орынды иеленді.