Жакенова Даметкен Мухамеджанқызы
Жетістіктері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №7 «Айгөлек» бөбекжайы
2015 жылы «Үркер» Республикалық зияткерлік марафонының жеңімпаздарын дайындағына үшін дипломға ие болды. 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017-2018 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері «Qaztest.kz» қазақ тілді интернет олимпиада сайтында үздік педагог мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық педагогикалық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен І республикалық мектепалды даярлық ұстаздары арасында «Үздік тәрбиеші-2018» номинациясы бойынша диплом берілді. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері «Qaztest.kz» қазақ тілді интернет олимпиада сайтында үздік педагог мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық педагогикалық олимпиаданың жоғарғы деңгейде өтуіне белсенді түрде атсалысып, кәсіби біліктілігін арттыруда қазақ тілді интернет ресурстарын пайдаланып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. «Үздік ұстаз» республикалық байқауының «Ұстаз жолы» бағытында І орын дипломы табысталды. 2019 жыл Республикалық «Тәрбиеші болу - бақыт» Блиц-турнирінен І дәрежелі дипломға ие болды. Республикалық «Баланың тілін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы» Блиц-турнирінің І дәрежелі диплом иегері атанды. Республикалық «Менің мамандығым-тәрбиеші» Блиц-турнирінің І орын дипломын иеленді. «Менің арманымдағы Жаңа жыл» Халықаралық байқауына белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы табысталды.