Жакипова Айнұр Әзімханқызы
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №251 М.Әуезов атындағы орта мектеп
2015 жылы «Білім беру мазмұны жаңарту жағдайында информатика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумға қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірніші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту сертификаты берілді. Мұғалімдер мерекесіне орай, білім саласында шәкрттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге ерекше үлес қосқаны үшін Шиелі ауданының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Оқу нәтижелерінің жақсаруы – оқытуды басқару мен оқытудағы көшбасшылықта» аудандық семинар-практикумда әріптестерге қоучинг өткізіп, арнайы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепшілік, Аудандық Білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы облыстық практикумда, семинарда «Критериалды бағалау – табысты оқытудың кепілі» коучингісінің ұйымдастырып Алғыс хатқа ие болды. Шиелі аудандық білім бөлімі Білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің Құрмет грамотасы берілді. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы конференциясында Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы аудандық жас мамандарға арналған әдістемелік семинарда шебер-сынып көрсетіп арнайы диплом берілді. 2019 жылы аудандық семинарда нәтижелі сабақ көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. 2020 жылы «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы магниттік мектептерге арналған Аудандық семинарда педагогикалық шеберлік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.