Жакыпбекова Айжан Махамбетжанқызы

3651 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектебі
2015 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына «Үш тұғырлы тіл» іскерлік ойының жеңімпазы атанғаны үшін Теміртау қаласы әкімдігінен Алғыс хат берілді. 2016 жылы облыстық зерттеу жобасынан «Тарих және тағылым» ІХ аймақтық Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясында «Әлихан Бөкейхан қазақ руханиятының көшбасшысы» тақырыбында І орын иегері атанды. 2017 жылы «ХХІ ғасыр педагог: мақсаттар мен міндеттер» ІІ республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағына сабағы енгені үшін диплом берілді. 2018 жылы Қазақстан тарихы бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасынан ІІІ орын үшін марапатталды. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында өткен «Тарихи тұлға және рухани жаңғыру» атты Республикалық жас зерттеушілердің V Құрылтайына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы ІІ Дәрежелі Диплом. Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты мұғалімдерге арналған Қазақстан тарихы пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жүлдегері марапатталды. 2019жыл Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтары арасында өткізілген «Ең білімді педагог» І Республикалық пән олимпиадасына белсенді қатысып, терең де мазмұнды білімімен Бас жүлдеге ие болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б.Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.