Айдос Тоғжан Айболқызы
Жетістіктері
Айдос Тоғжан Айболқызы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Абай атындағы
№2 лицейдің 10-сынып оқушысы
2015 жылы Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер кезеңінде «Тарих» пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері. 2015 жылы Қазақтың Ұлы ақыны Абай шығармашылығына арналған дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысының І орын, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел-болашақтың бастауы» Облыстық конференцияның ІІІ орын жеңімпазы. 2018 жылы «Қазақстан тарихы», «Ағылшын тілі» қашықтық олипиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы «Ағылшын тілі» пәнінен Халықаралық «British Bulldog» байқауынан арнайы сертификат алды. 2019 жыл «Латын әліпбиі-болашақтың таңдауы» атты әлеуметтік жоба сайысында ұйымдастырылған қалалық диктант байқауынан ІІІ орын алды. 2019 жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» ІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасында «Орыс тілі» пәнінен І орын иеленді. 2019 жылы «Дарынды балалаларға-талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадада ІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы «Ұлы даланың жеті қыры мен тарихы» Республикалық оқушылар олимпиадасының І орын жеңімпазы. Qaztest сайты «Қазақстан тарихы» пәнінен ұйымдастырған Республикалық олипиаданың ІІІ орын жүлдегері. 2020 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың Облыстық кезеңіне қатысқаны үшін арнайы сертификат иеленді. 2020 жылы «Константин Симонов» атындағы Халықаралық мәнерлеп оқу байқауынан 1-орын, 2020 жылы Халықаралық «Жеңіс күні» шығармалар байқауынан 1-орын және 2020 жылы «Кенгуру-математика барлығы үшін» Халықаралық зияткерлік конкурсынан 1-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Республикалық «Дарын онлайн» олимпиадасында «Физика» пәнінен ІІ орын иегері. «Өзін-өзі тану» пәнінен Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің І орын жүлдегері.