Жамбулова Альмира Казлесовна
Жетістіктері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы «Сейтқамза Ластаев» атындағы орта мектеп
2015 жылы ҚР Алматы қаласы Мемлекеттік тілдерді дамыту институтынан озық іс-тәжірибесін ұсынғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Республикалық Ұлттық Nio.kz Интернет олимпиадасында І дәрежелі диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Infourok.ru сайтындағы онлайн-кітапханасына үлес қосқаны үшін Алғыс хат берілді, «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік ашық сабақ» байқауынан І орын сертификаты табысталды. 2017 жылы «Педагогикалық идея» іс-тәжірибелік журналынан сертификатпен марапатталды. 2018 жылы «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары жақсы нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хаттармен, дипломмен марапатталды. 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын және «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «Skills for geeks» чемпионатына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасынан 2-дәрежелі диплом және сертификатқа ие болды. Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогика саласының үздігі - 2019» байқауынан диплом және «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайтында мақаласы жарияланды. 2020 жылы «Ағылшын тілінде жалпы білім беретін пәндерін оқыту үдерісінде пәндік-тілдік жүйеде интегралды оқыту» атты семинарда Алғыс хатпен марапатталды.