Ахылбек Ләйла

316 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ахылбек Ләйла
Ақмола облысы, Целинаград ауданы, Қоянды орта мектебінің 9-сынып оқушысы
2015 жылы өткізілген «Ақбота» интелектуалдық марафонының ІІІ орын иегері. «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» Республикалық діни басқарманың арнайы Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Математика» пәнінен ІІ орын иегері. Халықаралық Кенгуру зияткерлік сайысының 3-орын жеңімпазы. Б.Дүйсеновты еске алу құрметіне арналған Республикалық тоғызқұмалақ ойынында 3-орын алды. Ұлттық ойын бес асықтан «EXPO - 2017» көрмесіне арналған халықаралық турнирінде «Алғыр ойыншы» номинациясымен марапатталады. Орыс тілді «Аю – тіл білімі бәріне» атты Халықаралық сайысында 2-орын және «Алтын руно» – әлемдік мәдениеттің тарихына арналған Халықаралық сайысының арнайы сертификат иегері. 2018 жылы «Шын - Олимп» Мәскеулік математика «Қысқы Олимп» сайысында Қазақстандағы 7-сынып есептерін үздік шығарғаны үшін І дәрежелі және «Көктемгі Олимп» сайысында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Nio.kz Республикалық олимпиада сайты ұйымдастырған қашықтық олипиада жеңімпазы. Дарынды оқушыларға арналған Республикалық эссе, шығармашылық жұмыстар сайысында І орын алды. Intоlimp орталығы ұйымдастырған «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, 2-орынды иеленді. Халықаралық «Экология және педагогика ғылым академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған V Халықаралық пәндік олимпиаданың І орын жүлдегері. Qastest сайтында өткен Е.Бекмаханов атындағы ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасының арнайы сертификат иегері.