Болат Асылым

22 место в рейтинге
  • Общий бал: 4,33
  • /
  • Проголосовало: 6

Жетістіктері

Болат Асылым
Қарағанды қаласы, №61 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы

2017 жылы Республикалық фестиваль конкурсында «Би» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері. 2018 жылы «Жаңа жылдық колейдоскоп» атты Республикалық байқауының І орын жеңімпазы. «Менің әлемім» атты Республикалық үздік эссе байқауының және Республикалық ұлттық интернет олимпиада сайты ұйымдастырған «Дүниетану» пәні бойынша ІІ орын жүлдегері. «Парасат» Республикалық байқауында «Досы көпті жау алмайды» номинациясында 2-орын; «Эрудит» интеллектуалды білім порталының «Саусақпен сурет салу» байқауында І орын; «Қауырсын қалам» Республикалық үздік және эссе байқауында ІІ орын алды. NIO республикалық интернет олимпиадасында «Қазақ тілі» пәнінен ІІ дәрежелі диплом және ағылшын тілінен сертификат берілді. «Білгір-2018» шығармашылық зияткерлік байқауынан арнайы сертификат алды. «Білімпаздар бәйгесі» интеллектуалды байқауында ІІ дәрежелі диплом және Республикалық - халықаралық ұлттық, дәстүрлі олимпиададан Алғыс хат берді. Сондай-ақ, 2019 жылы «Дарынды бала» Республикалық байқауында І дәрежелі диплом иегері атанды. «Халықаралық кәсіби суретшілер» жобасынан сертификат және «Дипломант» атағы берілді. 2020 жылы «Adebi» Республикалық байқауынан 1-орын; «Эрудит» интеллектуалды «Суретші болғым келеді» атты байқауында 1-орын; «Tio» Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен 2-орын, «Математика» мен «Дүниетану» тағы басқа пәннен арнайы сертификат алды. Халықаралық «Пони» сайысы мен «Ертегілер еліне саяхат» байқауында да арнайы сертификат берілді. Осы жылы «Жас Дарын» Республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен мадақталды.