Жилгельдин Сабыржан Жексенгалиевич

47 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,81
  • /
  • Проголосовало: 26

Жетістіктері

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты

Тамыз конференциясында Ақтөбе облысының әкімінің «Жүз мың теңгелік» сертификатын және «Ақтөбе облысындағы ең үздік физика мұғалімі» деген атағын иемденеді. 2019 жылы «Физика пәні мұғалімдер арасында өткен облыстық пәндік олимпиадасынан I дәрежелі дипломға ие болды. «Бөбек Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Ұлағатты ұстаз-2019» республикалық үздік ұстаздардың II кітап жинағына енгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» III дәрежелі дипломға ие болды. III өңірлік тәжірибелік конференциясында баяндама жасап, қатысқан үлесі үшін сертификат берілді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, талантты педагогтарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпиадасының үздігі-2020» олимпиадасының Бас жүлде иегері атанды, төсбелгісімен марапатталды. Республикалық ustazym.kz порталында ұйымдастырылған шығармашылық конкурсында «Педагогика саласының үздігі» жобасынан І дәрежелі диплом және Қазақстан Республикасының білім беру саласында шығармашыл, тәжірбиелі еңбегі үшін «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісі берілді. Қазақстан педагогтар қауымдастығы» ұйымдастырған «Жыл үздіктері-2020 Республикалық байқауында «Үздік педагог-2020» төсбелгісімен марапатталды.