Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы

3685 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№6 ЖОББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының құрмет грамотасымен, Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Ақтөбе облыстық кәсіптік одағы басшысының құрмет грамотасымен наградталды. «Балбұлақ» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының 1-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырған пәндік олимпиадаға оқушыларын қатыстырып, оқушыларының білімділігі мен біліктілігін және жас ұрпақтың танымын дамытуға қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері qaztest.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы IV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасынаен ІІ дәрежелі диплом иеленді. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен Қазақтың ұлы ақыны, композиторы, философы, саясаткері, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абай дана – Абай дара қазақта!» атты оқушылар арасында өткен Республикалық байқауына «Абай оқулары» номинациясы бойынша дипломның, www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Мұғалімдерге арналған қазақ әдебиеті пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасы І дәрежелі дипломның иегері атанды.