Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна

3696 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, «Қорғалжын» мектеп-гимназиясы

2016 жылы Ақмола облысы бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Үздік педагог-2016» облыстық байқауына катысқан үшін марапатталды. «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығынан «Үздік педагог портфолиосы» атты II Республикалық педагогтар сайысында I орынмен, Халықаралық оқытушылар сайысынан І орынмен дипломмен марапатталды. Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін дипломға, «Көкше» академиясы география пәнінен облыстық аймақтық олимпиадасына оқушылары жоғары жетістікке қол жеткізіп I,II,III жүлдегер атанған үшін Алғыс хатқа ие болды. 2017 жылы Республикалық педагогтар арасында өткен «Білім үздігі» байқауына қатысып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан ерең еңбегі үшін құрмет медалімен марапатталды. «Ыстықкөл сапары-2017» Халықаралық білім және өнер фестивалі жас таланттар байқауына өз шәкірттерін белсенді қатысырып, жоғары жетістікке қол жеткізіп, шығармашылық ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы Педагогтар қауымдастығының «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» атты республикалық байқауынан «Үздік педагог» төсбелгісін иеленді. Облыстық пікір-сайыс турнирінде II жүлделі орын алған үшін дипломмен марапатталды. Педагогтар қауымдастығы «Білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану және жүзеге асырудың әдістемелері» атты ғылыми конференциясына ұсынған жұмыстары үздік деп танылған үшін марапатталды. 2019 жылы Республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Ұлағатты ұстаз-2019» республикалық үздік ұстаздардың II кітап жинағына енгені үшін Алғыс хатқа ие болды. II Республикалық Қазақстан тарихы және География олимпиадаларына оқушыларды қатыстырып, координатор жауапкершілігін алғаны үшін Алғыс хатқа, «Үздік Ұжым» кубогына ие болды. Оқушыларын пәндік олимпиадаға қатыстырып, білімділігі мен біліктілігін және жас ұрпақтын тынымын дамытуға үлес қосқан үшін құрмет грамотасы табысталды, «Балбұлақ» республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтынан диплом берілді. 2020 жылы III Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасына әріптестерін белсенді түрде қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін «Үздік Ұжым» кубогының иегері атанды.