Закарияева Жайнар Закарияевна

3720 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы МКҚК«Қарлығаш» бөбекжай- бақшасы

2017 жылы «Әрқашан күн сөнбесін» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының облыстық фестивалінде үздік бейнелеу және қолтаңбалы ұжымдық шығармашылық жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интелектулды білім порталының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен республикалық «Шебер педагог – 2017» байқауынан «Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбиесіне және оқытуға 100 жыл толуына байланысты Атырау облыстық әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі білім беру – ғасырлық тарих шежіресінде» атты танымдық жинағына енгізілді. 2018 жылы «Жаһандық бәсегеге қабілетті жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде үшінші дәрежелі дипломының иегері атанды. 2018 жылы облыстық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының фестивалінен «Уақыт» ертегісі бас жүлдені жеңіп алды. 2020 жылы Республикалық www.orieu.kz порталында онлайн еңбектері жарияланып, сертификат берілді.