Мұстахымқызы Аяжан -

19 место в рейтинге
  • Общий бал: 4,43
  • /
  • Проголосовало: 7
  • Семей қаласы
  • Жалпы орта білім беретін КММ мектеп
  • Класс: 11

Жетістіктері

Мұстахымқызы Аяжан- Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының тумасы. Үздік аттестат иегері, Жас ұлан оқушылар ұйымының президентті. Оқу озаты, дебат ойындарының белсенді қатысушысы. Түрлі білім додаларында сайысқа түсіп, жүлделі орындарға ие болған.

Облыстық «Айналайын», «Тұлпар» интеллектуалдық конкурстарының 2-орын иегері.

8-11 сынып оқшыларының жалпы білім беретін республикалық пәндік олимпиадасының облыстық, аудандық кезеңдерінде Құқық пәнінен 1-орын, География пәнінен 2 – орын, Қазақ тілі пәнінен 3-орын иегері.

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларының аймақтық, аудандық, облыстық кезеңі бойынша «Жүйректен жүйрік озар жарысқанда» номинациясының 1-орын жеңімпазы.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған қазақтың тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы атындағы ІІІ Республикалық Қазақстан тарихы қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері.

«Жыл үздігі» 2020 номинациясын жеңіп алған.

«Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Қазақ тілі пәнінен оқушылар арасында онлайн олимпиаданың 3– дәрежелі жеңімпазы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдарға: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Тәуелсіздігім туыммен тұғырлы, Елтаңбамен еңселі» атты Республикалық байқауға қатысып 1-дәрежелі диплом және төсбелгі мен марапатталып, женімпаз атанған.

Мектеп оқушылары арасында жас зияткерлерді анықтау мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында оқушылар арасындағы ұйымдасыртырған ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының 1- дәрежелі жеңімпазы.

«Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткені үшін Жас Абайтанушы грамотасы мен марапталды.

Дипломдары мен мақтау қағаздары