Ермекова Нұрлығыз Азановна
Жетістіктері
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы «Қызғалдақ» ясли бақшасы КМҚК
Еңбек өтілі 30 жыл. Жоғары санатты педагог
2017 жылы «ҚР Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітабы» атты республикалық жинаққа еніп сертификатқа ие болса, кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды. 2013 жылы «Үздік менеджер» байқауында Алғыс хатқа ие болды. 2013жылы аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатынасып 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы ауданымызда өткен «Үш тілді меңгеру-заман талабы» облыстық семинарға қатынасып «Балабақшадағы үш тілді меңгерудің алғы шарты» тақырыбында баяндама жасады.2 014жылы аудан балабақшалары үшін «Трафарет театры арқылы баланың сөйлеу технологиясын дамыту» семинарын ұйымдастырып аудандық оқу бөлімінің Алғыс хатына ие болды. 2015жылы «Қызғалдақ» балабақшасы Сочи қаласында өткен VI халықаралық мұғалімдер слетінде балабақшаның жетістіктері жасалынып жатқан жұмыстары көрсетіліп Лауреат атанды. 2016 жылы мұғалімдердің тамыз кеңесіне қатынасып «Үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу , жинақтау және насихаттау педагогтің кәсіби жетістік жағдайларын модельдеу ретінде» баяндамасын оқып. 2016ж Мәртебе.KZ Республикалық білім порталы өткізген «Үздік балабақша тәрбиешісі» I Республикалық тәрбиешілер байқауына қатынасып Алғыс хатқа ие болды. 2017 жылы SKILIS ACADEMY мекемесі мен Мәртебе.KZ республикалық білім сайты ұйымдастырған I Республикалық «Жас маман» байқауы жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылыАудандық әкімдіктің «Құрмет грамотасымен марапатталды». 2017 жылы Алматы қаласында өткен ғылыми- практикалық семинарға қатынасып Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатына ие болды.