Есимова Бахыткуль Керимчеевна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Қордай ауданы № 27 орта мектеп
Еңбек өтілі 35жыл. І санатты педагог
2015-2016 оқу жылында Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» редакциясының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының грамотасымен және төсбелгісімен марпатталды. 2016-2017 оқу жылы «Ең үздік тарих пәні мұғалімі» аудандық байқауында II орын иеленді. 2017-2018 оқу жылы «Оқушыларды ғылыми жоба жазуға бейімдеу» таырыбында on-line режимінде ұйымдастырылған аудандық семинарда көрсеткен мазмұнды шығармашылық ізденісі үшін марапатталды. 2017-2018 оқу жылы Аудандық ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру оқу- тәрбиелік іс- шараларға кіріктірудің тиімді жолдары» тақырыбындағы семинар- практикумда белсенді шығармашылығы үшін марапатталды.
«Заманауи ұстаз» облыстық газетінде «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз», аудандық «Қордай шамшырағы» газетіне «Репрессия,саяси қуғын- сүргін құрбандары» мақаласы, «Кәсіподақ жаршысы» облыстық газетінде «Тарихқа шолу», «Озық сабақ» облыстық журналында «Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы және заманауи оқытудың тиімділігі», «Сопылық», Республикалық «Еңбекші» газетіне «Желтоқсан оқиғасы -Тәуелсіздіктің тірегі» мақалалары жарияланды. 2013-2014 оқу жылы аудандық «Үздік Дінтану пәні мұғалімі» байқауында II орынмен, облыстық кезеңде ІІІ орынмен марапатталды. Аудандық «Ең үздік толеранттылық сабақ» байқауында жүлделі II орынды иеленді . 2014-2015 оқу жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Жамбыл облыстық ұйымының дипломмен марапатталды.