Есқожа Шәрігүл Серікқызы
Жетістіктері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №99 орта мектебі
Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог
ҚР Білім және Ғылым министрлігі кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды. Аудандық «Үздік ғылыми жетекші-2014» номинациясының иегері. 2015 жылы Жастарға сапалы білім және саналы тәрбие беруге қосқан үлесі үшін «Ұстаз ұлағаты» төсбелгісі тағайындалды. 2017 жылы Республикалық «Мәртебелі маман» байқауының «Құрмет» төсбелгісін иеленді. 2017 жылы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша республикалық «100 жаңа есім» жобасының «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгі иегері атанды. «Зертеуші мұғалім» байқауынан бас жүлде алды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2014-2015 оқу жылы «Сыр елі—туған жері», «Қызылорда—сүйікті қалам» эссе байқауына қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында «Өнегелі ұстаз» энциклопедиясына енгізілді. «Білім беру үрдісінде жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу» конференциясында сертификат алып, жұмыстары жинаққа жарық көрді. «Вестник образования науки и техники» ғылыми-практикалық конференциясына оқушы қатыстырғаны үшін алғыс хат,жинақ; 2015-2016 оқу жылында удан бойынша ҰБТ қорытындысында 1-орында болған 11-сынып жетекшісі атанып, «Алтын белгі» иегерлерін дайындап шықты. Республикалық «ORDA-JUNIOR 2016» ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңіне 6 бала дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында Республикалық «Мәртебелі маман-2017» байқауына қатысып, І орын иеленді және «Құрмет» төсбелгісі тағайындалды. Аудандық «Smart-педагог» байқауы, «Үздік педагог», «Үздік ғылыми жетекші-2017» байқауларына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аудан әкімінің «Жылдың үздік ұстазы» номинациясымен, облыс әкімі «Құрмет грамотасымен» марапаттады.