Еспанова Гульжанар Медегалиевна
Жетістіктері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының директоры
Еңбек өтілі 26 жыл. Жоғары санатты педагог
Облыстық «Үздік мектеп директоры» сырттай байқауы «Жаңашыл басшы» номинациясымен марапатталды. 2016 жылы білім саласындағы атқарған ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды, 2016 жыл. Халықаралық «Қазіргі білім беру: Әдістеме, Технология, Сапа» атты ғылыми-әдістемелік конференциясының сертификаты берілді, 2017 жыл. Республикалық «Асыл бала» қауымдастығының Алғыс хаты, 2016 жыл. Алматы облысы балалар құқықтарын қорғау департаментінің Құрмет грамотасымен және Талдықорған қаласы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының Алғыс хаты, 2016жыл. Халықаралық «Білім берудегі үздіктер» энциклопедиясының мемлекетаралық эксперттік кеңес мүшесі. Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газетіне «Ізденіс пен тәжірибе» мақаласы жарық көрді. Республикалық «Озық мектеп» әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналына «Travelling around Kazakhstan» сабақ жоспары жарияланды, 2017 жыл. ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Білім беру ұйымында электрондық оқыту жүйесін басқару технологиясы», «Современные педагогические технологии как инструмент управления качеством образования» курстары бойынша сертификат берілді. ПШО Алматы қаласының филиалы «Басшылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы» сертификаты табысталды. Біліктілікті арттырудың қазақстандық өңіраралық орталығының «Ағылшын тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі» бағдарламасының сертификат иегері.