Өскінбаева Жадыра Сайлыбайқызы

1286 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе қаласы № 46 орта мектеп
I санатты педагог

Халықаралық білім дамыту орталығының Республикалық «Отбасым-аялы алақан мекені» атты фото және көркемсурет байқауына қатысушы тәрбиеленушілерімен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін «Мадақтамамен» марапатталды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «Өзін-өзі тану»пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»тақырыбы бойынша курстан өтіп сертификат алды. «Қазақстан ұстаздары» республикалық әдістемелік журналындағы әдістемелік жұмысы үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «Білім беру парадигмасының өзгеруі жайында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша курстан өтіп сертификат алды. Республикалық ғылыми әдістемелік «Әдіскер жаршысы» журналына «Қыз өссе елдің көркі» атты ашық сабағым жарияланды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Балалар көркем әдебиеті арқылы мектепалды даярлық топ оқушыларының сөздік қорын дамытудың жолдары» атты әдістемелік кітабы жарық көрді. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Педагогикалық шеберхана- инновациялық тәжірибені тарату түрінің тиімдісі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағына баяндамасы енгізілді. Ақтөбе қаласының білім бөлімінен «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі» біліктілік санаты берілді. Ақтөбе қаласының білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.