Протаева Базарай

1290 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы, Алатау ауданы №180 мектеп
Еңбек өтілі 27 жыл. I санатты педагог
2016 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты VI Республикалық оқытушылар сайысында «Әдістемелік жұмыстағы презентацияның қолданылуы»номинациясы бойынша III орынға ие болғаны үшін «ZIAT»Ғылыми-әдістемелік орталығының Дипломымен марапатталды. 2016 жылы қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» Х республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысушының жетекшісі ретінде Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Критериалды бағалау жүйесі» атты мұғалімдер біліктілігін арттыру курсын меңгергені үшін сертификат иегері болды. 2017 жылы «Білім беру мен тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізу сапасы» атты өңіраралық семинарға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатқа ие болды. 2018 жылы Республикалық «Оқу мен оқытудағы жазу стратегияларының бағалауға ықпалды факторлары» тақырыбындағы әдістемелік-интелектуалдық семинар-сайыста қазақ тілі пәні бойынша эвристикалық оқыту ресурстарын құрастырып, үздік шығармашылық жұмысын ұсынғаны үшін «Кел,балалар,оқылық!» Ұлттық сауаттылық қауымдастығы тарапынан I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы қазақ тілі пәнінен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысқаны үшін олимпиаданы Ұйымдастыру комитеті тарапынан сертификатталды. 2018 жылы Қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды.