Хамзаев Актай Биримович
Жетістіктері
Атырау қаласы Талғайран негізгі мектебі
Еңбек өтілі 25 жыл. Жоғары санатты педагог
Атырау қалалық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атырау қалалық комитетінің «Алғыс хаты» берілді. 2016 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналы арнайы құрылған комиссиясының 2016 жылдың 12 қаңтар №08 шешіміне сәйкес «Үздік мұғалім» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалі табысталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері Атырау облыстық бөлімшесінің 2017 жыл 20 наурыз № 248 бұйрығымен «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы І дәрежелі диплом «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Дене шынықтыру» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы «Жаңашыл идеялар» атты І Республикалық педагогикалық форумына қатысқаны үшін сертификат иегері. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі курсының сертификат иегері. «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен Спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушылары арасындағы облыстық біріншілігінде І орын иеленді. Аудан, облыс көлеміндегі спорттық байқауларда оқушылары жүлделі орындарды иеленіп жүр.