Омарова Зулфия Алдашовна

1311 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы Науайы атындағы мектеп
Еңбек өтілі 19 жыл. ІІ санатты педагог
2015 жылы «Бақ-Нұр» іскер әйелдер қоғамдастығынан Алғыс хатпен марапатталған; 2016 жылы «Жаңашыл ұстаз-кемел келешек...» атты ұстаздардың облыстық байқауынан І орын алғаны үшін дипломмен; 2016 жылы «Жаңашыл ұстаз-кемел келешек...» атты ұстаздардың облыстық байқауына қатысқаны Алғыс хатпен марапатталған. 2017 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» жұрналына өзінің үздік оқушыларын жариялап, Республика бойынша «Үздік» деп танылды және білім саласына өз үлесін қосқаны үшін «Алғыс хат» берілген. 2017 жылы Халықаралық рухани жаңғыру фестивалының жоғарғы дәрежеде өтуіне зор үлес қосып ұлт өнері мен білімінің дамуына сіңірген еңбегі үшін; 2018 жылы Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтындағы мақалаңыздың жоғары қаралым саны мен өзектілігі үшін; 2018 жыл Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып жеңімпаз оқушыны дайындағаны үшін марапатталған. 2014 жылы Қазақстан Республикалық педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша және 2014 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған. Оқушылары Жарқын болашақ Республикалық қазақ тілі олимпиадасының жүлдегерлері.