Оразгалиева Асел Абаевна

1317 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ орта мектебі
Еңбек өтілі 18 жыл. Жоғары санатты педагог

«Ақтөбе-Дарын» орталығының бастауыш класс мұғалімдерінің облыстық педагогикалық олимпиадасында жоғары теориялық дайындығы мен кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақтөбе облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы» берілді. «Білім беру желілерін басқару моделі» тақырыбындағы облыстық семинарға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат; Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Үздік әдістемелік қобдиша» атты байқауында «Ізденімпаз мұғалім» номинациясымен марапатталды. «Эксперименттік жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысқаны үшін сертификат; Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасынан сертификат; Қазақстанның қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар Лигасы ұйымдастырған 2-сыныптар арасында математика және қазақ тілі пәндері бойынша Жалпықазақстандық қашықтықтан олимпиадасына жеңімпаздар дайындағаныи үшін алғыс хат; Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың дайындық мәселелері және білім беру мекемесіндегі педагогті аттестаттаудан өткізу тәртібі тақырыбындағы облыстық оқыту семинарына қатысқаны үшін сертификат; Республикалық мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына «Менторлық әдіс-тәсілдер арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» мақаласы жарияланды. «Ақтөбе ұстазы» облыстық басылымда «Білім беру желілерін басқару моделі» мақаласы жарияланды. Алға ауданы әкімдігінен білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік педагог» грант иегері болып танылды. І Халықаралық «Мұғалімнің портфолиосы» конкурсынан І орын иеленді.