Ошанова Елігай Қанатқызы
- Еңбек өтілі: 1 жыл
Жетістіктері
Қарағанды қаласы №92 гимназия
«Дракон Computers» оқыту және даярлау орталығында «Компьютерлік сауаттылық негізері» бағыты бойынша курсты үздік аяқтағаны туралы сертификат иегері. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша 3 кредит (135 академиялық сағат) көлеміндегі курсын аяқтады. «География пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу - әдістемелік негіздері» 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Баспаға «Экологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары жинағына «Қазақстан Республикасындағы радиациялық ластанудың экологиялық әсері» атты мақаласы жарыққа шықты. «Оқыту және оқу тәжірибесіндегі жаңа тұрғылар» облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары жинағына «Бүгінгі таңдағы мұғалім» атты мақаласы жарыққа шықты. «Жас маман – 2017» жас педагогтардың І қалалық байқауынан ІІ орын иегері. География пәнінен оқушылар арасындағы Облыстық пәндік олимпиадаға белсенді оқушылар дайындағаны үшін Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мадақтамасы. Қарағанды облыстық Білім басқармасының алғыс хат иегері.Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты иегері. Халықаралық Анталия қаласында өткенде пәндік олимпидаға оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін Алғыс хат иегері.