Умарова Нурия Тулендеевна

394 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі

Еңбек өтілі 34 жыл. Жоғары санатты педагог

2013-2014 оқу жылы «Үздік педагог–2013» аудандық сайыс ІІІ орын; 2016-2017 оқу жылы Орта буын оқушыларының гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Маңғыстау облыстық олимпиадақазылар алқасының мүшесі болды. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы, «Алғыс хат»; 2016-2017 оқу жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы редакциясының «Білім шыңы» төсбелгісімен марапатталды. 2016-2017 оқу жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналына «Ф.И.Тютчев. Жизненный и творческийпуть» баяндамасы жарияланды. 2016-2017 оқу жылы Республикалық «Мәртебелі маман -2017» байқауына қатысып, «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды. Аудандық тамыз конференциясында «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясын басқарып, аудандық білім бөлімінің «Зерделеу» тобының мүшесі, аудандық және облыстық шығармашылық тобының мүшесі болып, бірнеше рет аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларында қазылар алқасының төрайымы, мүшесі ретінде қызмет атқарып келеді. 13-14 сәуірде қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадада орыс тілі пәні бойынша қазылар алқасының мүшесі болып, Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы «Алғыс» хатымен марапатталды. Қазіргі уақытта лицейде «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетекшісі.