Шарипова Онал Амиркызы
Жетістіктері
Қарағанды облысы, Шет ауданы Еркіндік орта мектебі
Еңбек өтілі 30 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен; 2015 жылы «Үздік ұстаз» І қоғамдық байқауының Құрмет грамотасы және Сертификатымен; 2015 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі (куәлігі берілді); 2015 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы тестілерін одан әрі енгізу бойынша жұмыс кеңесіне қатысқаны үшін сертификат; 2016 жылы Шет ауданының білім бөлімі аудан аумағында дене шынықтырумен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін мадақтама грамотасымен марапатталды. 2016 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне арналған курсында өзара тәжірибе алмаса отырып, курс барысында шеберлік сабақ өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Аудандық «Жылдың үздік ұстазы» байқауына белсене қатысқаны үшін Сертификат берілді. 2017 жылы Шет ауданының білім бөлімінің оқушылары шаңғы эстафетасында II орын алғаны үшін мадақтама грамотасымен марапатталды. «Білім мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» бағыты аясында ұйымдастырылған «Қаражартас - қасиетті мекенім» атты жоба авторы. Шәкірттері 2013 жылы 1995-1996 жылы туылған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қарағанды облысының Чемпионатында 3000 метр бойынша және 2017 жылы ХҮII аудандық спартакиадада шаңғы жарысынан (3000м) жүлдері орындар алды.